Бас көлік прокуратурасында Тәуелсіздік күніне орай жиналыс өтті

14 December 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас көлік прокуратурасында  Тәуелсіздік күніне орай жиналыс өтті - 1837544290

Бас көлік прокуратурасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

«Тәуелсіздік күні – өз елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімімен біріктірілген және Қазақстанның біртұтас халқын құрайтын барлық қазақстандықтар үшін басты мереке» - деп атап өтті Бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов.

Тәуелсіздігімізді алған сәттен бастап прокуратура органдары мемлекеттің құқықтық және демократиялық институттарының қалыптасуына үлес қосқан, заң үстемдігін қамтамасыз етуде, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуда өзінің ерекше мақсатын растағандығын айтты.

Тәуелсіздік жылдары көптеген жетістіктерге жеттік: мемлекеттік шекаралар анықталды, Конституция, ұлттық валюта қабылданды. ЕҚЫҰ, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы, ШЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық ету Қазақстанның әлемдік қоғамдастық мойындауының айғағы болып табылады.

Мемлекет басшысының даналық және стратегиялық салыстыра тексерілген саясатының арқасында қысқа мерзімде экономикасы дамыған, тұрақты саяси жүйесі және бірыңғай қоғамы бар жаңа мемлекет құрылды.

Осы тамаша мерекеде Бас көлік прокуроры жеке құрамға мықты денсаулық, мол бақыт, бейбітшілік және ертеңгі күнге сенімділік, сондай–ақ, біздің елімізге игілік пен өркендеуді тіледі.

Мереке құрметіне қызметтік борышын мінсіз атқарғаны үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды.

Comments

Add new comment