Алматы облысында қоршаған ортаға келтірілген зиян өтелді

11 January 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 

 

Талдықорған көлік прокуратурасы Алматы облысындағы 7 шаруашылық жүргізуші субъект Экологиялық кодекстің нормаларын бұза отырып, қоршаған ортаға эмиссияға тиісті  рұқсаттарсыз автокөлік жолдарына күрделі жөндеу жүргізгені анықталды.

Мемлекетке келтірілген залалдың жалпы сомасы 12,5 млн.теңгені құрады және ол кінәлі тұлғалардан прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде бюджетке өндірілді.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған заңды тұлғаларға 2,6 млн. тенге  мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Лауазымдық міндеттерін орындамағаны үшін облыстың Экология департаментінің үш лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Талдықорған көлік прокуратурасы

 

 

 

Comments

Add new comment