Жалған кеден декларацияларды жасаған үшін брокер сотталды

29 May 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Жалған кеден декларацияларды жасаған үшін брокер сотталды - 1841586934

Ақтөбе көлік прокуратурасымен Қазақстан Республикасына кіргізілген  тауарлардың кедендік рәсімделуі бойынша жүргізілген талдау барысында, мұнай құрылғылардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық ережесінің талаптарына сай 350 жалған сәйкестік декларациялар анықталды.

Прокуратурамен сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, «КВ Partnership» ЖШС-нің брокер жалған декларацияларды дайындауға қатыстылығы анықталды. Төрт мұнай компаниясына келтірілген шығын көлемі 19 млн. теңгені құрады. 

Ақтөбе қалалық сотының үкімімен кінәлі аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін ҚК-тің 190 бабы 4 бөлігі 2 тармағымен 5 жылға шартты түрде  бас бостандығынан айыру жазасына тартылды. Келтірілген залал толық көлемде өтелді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін тиісті орындамағаны және мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін, прокуратураның қадағалау актісі бойынша «Ембі» кеден бекетінің екі лауазымды тұлғалары қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту ретінде тәртіптік жауапкершілікке  тартылды.

               

                               Бас көлік прокуратурасы

 

 

Comments

Add new comment