Қандыағаш көлік прокуратурасы мемлекет меншігіндегі жерді өз еркімен басып алу дерегін анықтады

11 September 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қандыағаш көлік прокуратурасы мемлекет меншігіндегі жерді өз еркімен басып алу дерегін анықтады - 197349874

Қандыағаш көлік прокуратурасы жер пайдалану заңдылығының сақталуы жай-күйіне мониторинг жүргізу барысында жерді өз бетінше басып алу түріндегі жер заңнамасының сақталуы бойынша заң бұзушылықтарды анықтады.

Ақтөбе магистралды газ құбырлар басқармасы «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның филиалымен (бұдан әрі –Ақтөбе МГБ) Ақтөбе облысы Шалқар ауданының  Кауылжыр ауылынан 167 км («Қожасай» МГ - КС-12) аумағында рұқсат беру құжаттарынсыз УКПГ «Қожасай» «Бухара-Орал» магистралдық газ құбырында, газ құбырынан газды айдау үшін жылжымалы компрессор станциясын іске қосқандығы анықталды.

Осылайша, Ақтөбе МГБ-сы арнайы рұқсат беру құжаттарын алмастан  өз бетімен мемлекет меншігіндегі жерді басып алған.     

Анықталған құқық бұзушылық бойынша Қандыағаш көлік прокуратурасымен қадағалау актісі енгізіліп, Ақтөбе МГБ филиалы директоры мемлекет меншігіндегі жерді пайдалану саласындағы заңды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 136-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды және мемлекет меншігіне 1,7 млн. теңге әкімшілік айыппұл өндірілді.

 Қандыағаш көлік прокуратурасы

 

Comments

Add new comment