322 млн. теңгені құрайтын контрабандалық тауарлар мемлекет кірісіне өндірілді

12 September 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Көлік прокурорларымен жүргізілген тексеру барысында  сот  үкімінің орындалмай, контрабандалық тауарлардың мемлекет кірісіне алынбағаны анықталды.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының 2019 жылғы 22 ақпандағы үкімімен осы қаланың тұрғыны аса ірі көлемде экономикалық контрабанда жасағаны үшін сотталды.

Заңсыз әкелінген 107 млн.теңгенің зергерлік бұйымдары сотпен тәркіленген.

Алайда, сот орындаушысының әрекетсіздігінен контрабандалық тауарлар мемлекетке кірістелмеген.

Прокурорлық қадағалау актісімен зергерлік бұйымдар Ұлттық Банкке беріліп, кінәлі тұлғалар жауаптылыққа тартылды.

Жалпы, прокуратураның араласуынан кейін ағымдағы жылы мемлекет кірісіне барлығы 322 млн. теңгеге тәркіленген тауарлар мемлекет кірісіне өндірілді.

Бас көлік прокуратурасы

 

Comments

Add new comment