10 October 2018
Версия для печати
PDF


Көкшетау көлік прокуратурасы теміржол саласындағы теміржол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылғандығын анықтады.
Атап айтқанда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Ақмола магистральдік желі бөлімшесі» филиалының жұмысшыларына 2017 жылдың желтоқсанынан ағымдағы жылдың ақпан айларында қиын метеорологиялық жағдайда Цельсий градусы - 25-тен төмен температурада атқарған жұмысы үшін еңбекақыға 15% үстеме төленбеген.
Прокурорлық қадағалау шараларымен 222 теміржолшы 2 млн. теңгеден аса көлемде тиісті қаражаттарын алды.
Еңбек заңнамасы мен ұжымдық шарттың талаптарын бұзғаны үшін мекеменің жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Comments
Add new comment