Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 47028
    Дата: 25.10.2018 00:02:07
    Аты-жөні: Орымбек Айгүлсім
    Сұрақ:
    Саламатсыз ба! Мен Астана қаласы, Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің "Заңтану" факультетінің 4 курс студенті болып табыламын. Қояйын деген сұрағым : Астана қаласы әуе көлік прокуратурасында 2019 жылдың ақпан айынан бастап, 8 апталық өндірістік практика өтуге болады ма? Болатын болса, ол сұрақпен қайда жүгінсе болады? Жауабыңызға рақмет.
    Жауап күні:
    29 қазан, 2018 - 12:17
    Жауап:
    А.Қ. Орымбекке (ҚР Бас Прокурорының блогына) Құрметті Айгүлсім Қанатқызы! Сіздің Астана қаласы әуе көлік прокуратурасында өндірістік тәжірибені өту туралы сұрағыңыз Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасында қаралды. Өндірістік тәжірибені өту үшін Бас көлік прокуратурасының Кадрлық дамыту тобына жүгінуіңіз қажет екенін хабарлаймын. Мекен-жайы: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 14. Телефон номері: 71-22-20. Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасы
  • Сұрақ №: 45089
    Дата: 02.08.2018 10:55:33
    Аты-жөні: Жумабекова Акерке
    Сұрақ:
    Добрыйдень! Спасибо за ответ конечно. Но не написать я не могу.Мы обратились к Вам не для того? чтобы получить такую отписку! ТРЕБУЕМ СПРАВЕДЛИВОСТИ ПО ЗАКОНУ!!! Тот рейд о котором вы пишете действительно проводился. Но! Рейсов КАЖДЫЙ 1 ЧАС в день до поздней ночи!!!! Из них по решению конкурса только 4 рейса имеют право заезжать в наш поселок. Если вы наладите переписку со мной по почте я могу предоставить все подтверждающие документы! dostyk68@mail.ru Прошу Вас более тщательней и прозрачней рассмотреть нашу проблему! Идет просто отписка! Какие 7 автобусов? Вы проверьте! В день каждый 1 час этот НЕЛЕГАЛЬНЫЙ диспетчерский пункт принимает НЕЛЕГАЛЬНЫХ перевозчиков! каждый 1 час!!! Почему Вы не способствуете перекрытию кислорода НЕЛЕГАЛЬНОМУ ТЕНЕВОМУ БИЗНЕСУ??? С нетерпением буду ждать от Вас ответа!
    Жауап күні:
    29 тамыз, 2018 - 12:21
    Жауап:
    Жумабековой А.Б. Уважаемая Акерке Бахтияровна! Главной транспортной прокуратурой рассмотрено Ваше повторное обращение об осуществлении нелегальных перевозок автобусами по направлению Жосалы-Кызылорда. Как сообщалось ранее, в соответствии с Законом Республики Казахстан «Об автомобильном транспорте» контроль за соблюдением правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом осуществляется органами внутренних дел и транспортного контроля. В связи с этим, Кызылординской транспортной прокуратурой в Местную полицейскую службу и Инспекцию транспортного контроля Кызылординской области направлено поручение о принятии мер по пресечению фактов нелегальных перевозок по маршруту Жосалы-Кызылорда. Мы Вас информировали о мерах принимаемых уполномоченными органами, в том числе и о количестве лиц, привлеченных к ответственности за нелегальную перевозку. В настоящее время работа в этом направлении продолжается. Исполнение поручения находится под контролем Кызылординской транспортной прокуратуры. Также разъясняем, что в соответствии с Законом Республики Казахстан «О прокуратуре» прокуратура рассматривает обращения о нарушениях законности либо угрозы их наступления в отношении: 1) лиц, которые в силу физических, психических и иных обстоятельств не могут самостоятельно осуществлять их защиту; 2) неограниченного круга лиц; 3) лиц, общества и государства, если это необходимо для предотвращения необратимых последствий для жизни, здоровья людей либо безопасности Республики Казахстан. Поскольку Вы не относитесь к лицам, которые не могут самостоятельно защитить свои права, а также Ваши доводы не относятся к указанным категориям, оснований для проведения прокурорской проверки по Вашему обращению не имеется. Одновременно разъясняется, что в случае несогласия с данным ответом, Вы вправе обжаловать его в вышестоящую прокуратуру или в суд. Главный транспортный прокурор Республики Казахстан М. Дуйсенов исп. Сагындыков А.И., тел. 30-17-06
  • Сұрақ №: 44874
    Дата: 24.07.2018 14:53:23
    Аты-жөні: Жумабекова Акерке
    Сұрақ:
    Қайырлы күн! Менің жазған сұрақтарыма не сбептерде жауап жоқ? Электронный почтаға да ештеме жазбадыңыздар!
    Жауап күні:
    3 қыркүйек, 2018 - 16:52
    Жауап:
    А.Б. Жұмабековаға Құрметті Ақерке Бахтиярқызы! Бас көлік прокуратурасы Сіздің Жосалы кентінде заңсыз жолаушы тасымалымен айналысып жүрген автобустар жөніндегі жазған шағымға жауабын алмағаныңыз туралы өтінішіңіз бойынша, 28.08.2018 жауап жолданғандығын хабарлайды. Осы жауаппен келіспеген жағдайда, Сіз жоғары тұрған прокуратураға немесе сотқа жүгінуге құқылысыз. Тіркелді: жауап – 2 парақта. Қазақстан Республикасы Бас көлік прокурорының бірінші орынбасары Ж. Нұрлыбекова орын. Сагындыков А.И. сым. 30-17-06
  • Сұрақ №: 44735
    Дата: 19.07.2018 12:31:19
    Аты-жөні: Жумабекова Акерке
    Сұрақ:
    Жосалы кенті бойынша «Достық» автостанциясы жұмыс жасайды. 017 жылы жолаушы тасымалдауы бойынша конкурста «Жосалы-Қызылорда», «Қызылорда-Жосалы» бағыты бойынша 7 маршрут бойынша Жосалы кентінің жолаушыларына қызмет жасайтын жеңімпаздар анықталған. Алайда осы маршруттарға кедергі келтіріп, Жосалы кентінің жолаушыларын заңдастырылып бекітілмеген орыннан, яғни Жосалы кентінде орналасқан «КазМунайГаз» заправкасының дәл қасындағы «Ақмаржан» кафесінің алдынан, маршрут схемаларын өз беттерінше бұзып, «Қызылорда - Қазалы», «Қазалы-Қызылорда», «Қызылорда-Торетам», «Төретам-Қызылорда» бағыттарының автобустары Жосалы кентіне кіріп, заңсыз жолаушы тасымалымен айналысып жатыр. Өз тараптарынан осы заң бұзушы тасымалдаушыларға Басқарма ескерту де берген. Соған қарамастан заң бұл заңбұзушылық әлі де жалғасын табуда. Бұл жағдайды Қызылорда облысы Көлік Прокуроры Әділет кеңесшісі Т.А. Шуленбаевқа 2018 жылдың сәуір айының 27 күні № 47 хатпен мәлімдеген болатынбыз. Алайда ешқандай нәтиже болмады. Осыны заңды шешіп беруіңізді сұраймын!
    Жауап күні:
    31 шілде, 2018 - 11:27
    Жауап:
    А.Б. Жұмабековаға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының блогына Құрметті Ақерке Бахтиярқызы! Бас көлік прокуратурасы Сіздің Жосалы кентінде заңсыз жолаушы тасымалымен айналысып жүрген автобустар туралы шағымыңызды қарап, төмендегіні хабарлайды. Ағымдағы жылдың сәуірінде Қызылорда көлік прокуратурасына жазған арызыңыз бойынша Көліктік бақылау инспекциясы мен Жергілікті полиция қызметкерлері рейдтік тексерістер жүргізді. Рейдтің нәтижесімен 7 автобустар тексеріліп, олардың ішінде үшеуі маршрут схемасын бұзғаны анықталды. Жергілікті полиция қызметі тарапынан, «Қатынас» ЖШС-нің автобус жүргізушілері, автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау талабын бұзғаны үшін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 571-бабы 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол жөнінде Сіздің мекен-жайыңызға Қызылорда көлік прокуратурасы 2018 жылғы 03 мамырында жауап жолдаған. «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасың Заңына сәйкес тасымалдаушылардың жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасын сақтауын қадағалау көліктік бақылау және ішкі істер органдары жүзеге асырады. Сол себептен, Сізбен көтеріліп отырылған мәселе бойынша жоғарыда аталған мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылысыз. Қазақстан Республикасы Бас көлік прокурорының міндетін атқарушы М. Дүйсенов Орын. Шаншарбаева Л. Тел. 301562
  • Сұрақ №: 44630
    Дата: 16.07.2018 12:10:38
    Аты-жөні: Хашимов Мурат
    Сұрақ:
    Біз AGENT 0013 JSC BEK AIR әуекомпаниясы арқылы 2015 жылдың 24 маусым күні Z9 2007 S Шымкент-Астана бағытына 2015 жылдың 16 шілде күніне ұшу уақыты 09:25-10:55 қону уақыты 2 ересек (10915+10915 теңге) билет номерлері - 183 2401224762 және 183 2401224763 және 2 балама (5458+5458 теңге) билет номерлері - 183 2401224764 және 183 2401224765 жалпы 32746 теңгеге билеттер сатып алдық. JSC BEK AIR әуекомпаниясы көрсетілмеген қызмет үшін бізге тиісті қаражатты немесе билетті ауыстырып беруден мүлдем бас тартты. 1. Cізден JSC BEK AIR әуекомпаниясының көрсетілмеген қызметі үшін бізге тиісті қаражатты қайтарып беруін (бүгінгі таңдағы билеттер соммасына сәйкес) немесе Шымкент-Астана бағытына 2018 жылдың шілде айына пайдаланбаған 4 билеттің орнын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз. 2. Өз міндеттерін орындамаған JSC BEK AIR әуекомпаниясын жауапкершілікке тартуыңызды сұраймыз.
    Жауап күні:
    18 шілде, 2018 - 17:57
    Жауап:
    Bek Air әуе компаниясының «Шымкент-Астана» бағытындағы Z9 2007 рейсіне сатып алынған билеттерінің қаражатын немесе билетін ауыстырып бермеу дерегі бойынша жазған М. Хашимовтың және Р. Байтикованың арыздарын «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес негізімен қарау үшін жолданады (бірегей нөмірі 187078510010000031). Арызды қарау нәтижесін арыз иелеріне заңмен көрсетілген мерзімде және Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасына хабарлау қажет. Екінші мекен-жайға мәлімет үшін және келесі түсініктемелерді түсіндіремін. 2017 жылдың 30 маусымдағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сәйкес (бұдан әрі – Заң), прокуратураның өтініштерін қарау тәртібі өзгерді. Заңның 6, 7, 21 баптарына сәйкес, прокуратура органдары өтініштерді сондай-ақ заңдылықты бұзушылықтар не олардың басталу қаупі туралы өтініштерді тұлғалардың үш санатқа қатысты қарастырады: 1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың; 2) шектелмеген адамдар қатарының; 3) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қабылданады. Сонымен қатар осы адамдардың мүдделеріне қатысты өтініштер тек келесі жағдайларда ғана қарастырылады: 1) құқық қорғау органдарының және арнаулы органдардың қызметінде бұзушылықтарға жол берілсе; 2) құзыреті шағымда көтерілген мәселелерді шешу кіреді уәкілетті мемлекеттік органға немесе оның лауазымды, қызметінің мүдделер қақтығысын; 3) құзыретiне шағымның қаулысын қамтитын органның немесе оның лауазымды адамдарының шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға құқығы бар. Егер сіз уәкілетті органның жауабына келіспесеңіз, оған қарсы жоғары тұрған органға немесе лауазымды тұлғаға шағым жасай аласыз. Сонымен қатар, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес арызыдың түпнұсқасы электронды форматқа ауыстырылды және ол қағаз жөніндегі баламасы болып табылады. Қосымша: бірінші мекен-жайға арыз электронды форматта 6 парақта. Астана қаласы Әуе көлік прокуроры А. Ким Орындаушы: А. Ким Телефон: 43-33-36

Беттер