Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 44630
    Дата: 16.07.2018 12:10:38
    Аты-жөні: Хашимов Мурат
    Сұрақ:
    Біз AGENT 0013 JSC BEK AIR әуекомпаниясы арқылы 2015 жылдың 24 маусым күні Z9 2007 S Шымкент-Астана бағытына 2015 жылдың 16 шілде күніне ұшу уақыты 09:25-10:55 қону уақыты 2 ересек (10915+10915 теңге) билет номерлері - 183 2401224762 және 183 2401224763 және 2 балама (5458+5458 теңге) билет номерлері - 183 2401224764 және 183 2401224765 жалпы 32746 теңгеге билеттер сатып алдық. JSC BEK AIR әуекомпаниясы көрсетілмеген қызмет үшін бізге тиісті қаражатты немесе билетті ауыстырып беруден мүлдем бас тартты. 1. Cізден JSC BEK AIR әуекомпаниясының көрсетілмеген қызметі үшін бізге тиісті қаражатты қайтарып беруін (бүгінгі таңдағы билеттер соммасына сәйкес) немесе Шымкент-Астана бағытына 2018 жылдың шілде айына пайдаланбаған 4 билеттің орнын қамтамасыз етуіңізді сұраймыз. 2. Өз міндеттерін орындамаған JSC BEK AIR әуекомпаниясын жауапкершілікке тартуыңызды сұраймыз.
    Жауап күні:
    18 шілде, 2018 - 17:57
    Жауап:
    Bek Air әуе компаниясының «Шымкент-Астана» бағытындағы Z9 2007 рейсіне сатып алынған билеттерінің қаражатын немесе билетін ауыстырып бермеу дерегі бойынша жазған М. Хашимовтың және Р. Байтикованың арыздарын «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 6-тармағына сәйкес негізімен қарау үшін жолданады (бірегей нөмірі 187078510010000031). Арызды қарау нәтижесін арыз иелеріне заңмен көрсетілген мерзімде және Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасына хабарлау қажет. Екінші мекен-жайға мәлімет үшін және келесі түсініктемелерді түсіндіремін. 2017 жылдың 30 маусымдағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сәйкес (бұдан әрі – Заң), прокуратураның өтініштерін қарау тәртібі өзгерді. Заңның 6, 7, 21 баптарына сәйкес, прокуратура органдары өтініштерді сондай-ақ заңдылықты бұзушылықтар не олардың басталу қаупі туралы өтініштерді тұлғалардың үш санатқа қатысты қарастырады: 1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдардың; 2) шектелмеген адамдар қатарының; 3) егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болса, адамдардың, қоғамның және мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау үшін қабылданады. Сонымен қатар осы адамдардың мүдделеріне қатысты өтініштер тек келесі жағдайларда ғана қарастырылады: 1) құқық қорғау органдарының және арнаулы органдардың қызметінде бұзушылықтарға жол берілсе; 2) құзыреті шағымда көтерілген мәселелерді шешу кіреді уәкілетті мемлекеттік органға немесе оның лауазымды, қызметінің мүдделер қақтығысын; 3) құзыретiне шағымның қаулысын қамтитын органның немесе оның лауазымды адамдарының шешiмiне және әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға құқығы бар. Егер сіз уәкілетті органның жауабына келіспесеңіз, оған қарсы жоғары тұрған органға немесе лауазымды тұлғаға шағым жасай аласыз. Сонымен қатар, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес арызыдың түпнұсқасы электронды форматқа ауыстырылды және ол қағаз жөніндегі баламасы болып табылады. Қосымша: бірінші мекен-жайға арыз электронды форматта 6 парақта. Астана қаласы Әуе көлік прокуроры А. Ким Орындаушы: А. Ким Телефон: 43-33-36
  • Сұрақ №: 43842
    Дата: 19.06.2018 12:11:30
    Аты-жөні: Жендетхан Омиргуль
    Сұрақ:
    Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуроры М.Т. Алиханов мырзаға Құрметті Марат Тлеуқабылұлы! «Еуразия» Бірінші арнасының «Басты Бағдарлама» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасы Жамбыл облысының Шу станциясының маңайында аударылған жолаушылар поезды туралы бейнематериал әзірлемек. Сюжетте төтенше оқиғаның мән-жайы, жолаушылар көлігінің қауіпсіздігі, зардап шеккендер, оқиғаның мән-жайы төңірігінде ой өрбітеміз. Осыған қатысты Сіздерден апаттың себеп-салдарына қатысты жан-жақты жауап беретін өкілдеріңізден сұхбат алуға ықпал етуіңізді сұраймыз. Сұрақтар реті төмендегідей: 1. Жолаушылар поезды аударылуына байланысты қандай қорытынды шығарылды? 2. Жолаушылар өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген теміржол тасымалы компаниясына қатысты қандай жаза тағайындалды? 3. Соңғы 5 жылда қанша жолаушылар поезды апатқа ұшырады? Негізі себеп-селдарылары қандай? Қанша қылмыстық іс қозғалған? Сіздердің тарапыңыздан берілетін мәліметтің қажеттілігін, түсірілімнің маңыздылығын ескеріп 2018 жылғы 20 маусым 17.00-ден кешіктірмей ұйымдастыруды сұраймыз. Мәселенің оң шешімін табарына сенім білдіреміз әрі әріптестік танытқандарыңыз үшін алдын ала алғыс білдіреміз! Құрметпен, «Еуразия» Бірінші арнасы АСжСҚБ дирекциясының Шеф-редакторы Ш.Шағатаев Орынд: атқарушы продюсер Өміргүл Жендетхан Тел: 8 7172 757 324, 87014593489 ozh@1tv.kz, omirgul1tv@gmail.com  
    Жауап күні:
    26 маусым, 2018 - 17:42
    Жауап:
    «Евразия» бірінші каналының шеф-редакторы Ш.Ж. Шағатаевқа Астана қ. Қонаев көшесі, 4. 2018 жылғы 17 маусымда Шу стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімі «Жиделі-Бірлік» жол торабында «Астана-Алматы» бағытындағы №9/10 жолаушылар пойызы 8 вагонының рельстен шығу дерегі бойынша Қылмыстық Кодекстің 344-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тергеу мүддесіне орай және Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жариялануға жатпайды. Соңғы 5 жылда жолаушылар пойызына қатысты 2 оқиға тіркелді: 2013 жылы Алматы-2 стансасында және 2014 жылы Атырау облысында. Аталған оғиғалар кезінде адам шығыны болған жоқ. Кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасы Бас көлік прокурорының М. Дүйсенов міндетін атқарушы Орынд.: Ж.Құлжанысов Д.Саябеков
  • Сұрақ №: 42722
    Дата: 12.05.2018 19:17:01
    Аты-жөні: Мухамадиев Берик
    Сұрақ:
    Мен Аягоз районынан Пч-42 дистанцтанциясы 6околоткасынын жол шебери Камбаров Казбек Касымулы айтатын шагымымыз бар. Шебер Казбек Касымулы демалыс куни жумыска шыкпаса "мен отырганда жумыстан шыгарамын" деп коркытады. Озинин таныс тамырлары жумыска шыкпайды, оларга ундемеиди. Мына околоткада жумыс истеу киын болып кетти! Кулагы дурыс естимейди. Айткан созимди кери тусинеди. жылдагы тиисти отынымызды сатып жибереди. Бирдене айтаык десек жумыстан шыгарып жибереме деп коркамыз! Бир шара колдануынызды сураймыз!
    Жауап күні:
    16 мамыр, 2018 - 11:30
    Жауап:
    Б.Н. Мухамадиевқа ШҚО, Аягөз қаласы Сіздің Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының блогынан түскен ПЧ-42 мекемесінің жол шебері К.К. Камбаровтың заңсыз әрекеттері туралы өтінішін Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасында қаралды. ПЧ-42 мекемесі Аягөз қаласында орналасқандықтан прокурорлық қадағалау Семей көлік прокурорының құзыретіне жатады. Сондықтан, аталған мәселені шешу үшін Сіз Семей көлік прокуратурасына шағымдану құқылысыз. Шығыс Қазақстан көлік прокуроры Е. Төлеген орынд. Е. Қалиев тел.614069
  • Сұрақ №: 39716
    Дата: 02.02.2018 17:48:13
    Аты-жөні: нагыманов базарбай
    Сұрақ:
    2 айдан бери кызылорда каласындагы локомотив ак пайдалану депосынан алимент жайлы акпарат ала алмадым.1 ай бурын колик прокурорына осы жайлы арыздандым.куни бугинге дейн хабар жок.неге кр заны № 221.12.01.2007 жылгы орындалмайды.зан жузинде киналыларга шара коруди талап етемин.
    Жауап күні:
    7 ақпан, 2018 - 17:24
    Жауап:
    Б. Нағымановқа 6 мөлтек ауданы, № 37 үй №15 пәтер Байқоңыр қаласы Құрметті Базарбай Нағыманұлы! Сіздің арызыңызға Қызылорда көлік прокуроры жауап бермегені туралы өтінішіңізге келесіні хабарлаймыз. Қызылорда көлік прокуратурасымен Сіздің арызыңыз «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес қарау үшін «ҚТЖ «Жүк тасымалы» АҚ-ның «Қызылорда бөлімшесі» филиалына жолданған, және Сізге ол туралы 18.01.2018 №2-1915-18-00075 хатпен хабарланған. Сонымен қатар, Сізге келесіні түсіндіреміз. 2017 жылғы 30 маусымдағы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес прокуратура органдарында өтініштерді қарау тәртібі өзгерді. Заңның 6, 7 және 21-баптары бойынша прокуратура заңдылықты бұзушылықтар не олардың басталу қауіпі туралы үш категория тұлғаларға қатысты өтініштерді қарайды. Атап айтқанда: 1) физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды өзі дербес жүзеге асыра алмайтын адамдар; 2) шектелмеген адамдар қатары; 3) адамдар, қоғам және мемлекет, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі үшін орны толмас зардаптың алдын алуы қажет болса. Сонымен бірге, осы тұлғаларға қатысты өтініштер келесі жағдайда ғана қаралады: 1) құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметінде заң бұзушылықтарға жол берілген болса; 2) құзыретіне өтініште қойылған сұрақтарды кіретін органның не оның лауазымды адамдарының қызметіндегі мүдделер қақтығысы болса; 3) өтінішті қарау құзыретіне кіретін органның не оның лауазымды адамының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым себеп болса. Сондай-ақ, Азаматтық процестік кодекстің 8-бабына сәйкес, Сіз бұзылған немесе даулы құқықтарыңызды, бостандықтарыңызды немесе заңды мүдделеріңізді қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылысыз. Қазақстан Республикасы Бас көлік прокурорының орынбасары Л. Жанысова орын:А. Семби тел:30-16-46
  • Сұрақ №: 37921
    Дата: 06.12.2017 18:06:21
    Аты-жөні: Калинин Құдайберген
    Сұрақ:
    Мен, Калинин Құдайберген Қалабайұлы, 2006 жылдың 20 тамызында Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «Жем пайдалану депосында» машинист- помощнигі қыхметін атқару кезінде производственная травма алдым. Жем пайдалану депосының бастығы Жалмағамбетов Дәулеттің өз қолымен жазылған «барлық емге, операцияға, дәрі-дәрімекке кеткен шығындарды өтеп, қолдан келген көмекті көрсетемін» деген уәде түрінде жазылған қолхаты бар. Дегенмен, осы уақытқа дейін әр кез емге кеткен қаражаттарды Қазақ радиосы, Қазақстан темір жолы прокуратурасы арқылы айқай-шумен әзер дегенде өндіріліп аламын. Осы жолы,2017 жылдың 12-22 маусым аралығында Алматы қаласында емге кеткен қаражаттарымды өндірту үшін жіберген, заң бойынша 10 күннің ішінде жауап берілуі тиіс хатымның жауапсыз жатқанына 6 ай болды. Соған қоса, мен жіберген Жем пайдалану депосының юридический адресі дұрыс емес деп те кейін қайтарылып жіберілді. Ауру аяғыммен осы мәселені қозғап бармаған жерім жоқ. Не дегенмен бытовая травама емес, производственная емес пе. Сіздерден өтініп сұрарым, осы мәселені бір жағына шығаруға көмектесіп, менің осы жағдайма байланысты әділеттікті орнатуға қол ұштарыңызды берсеңіздер. Алдын ала алғысымды білдіремін! Осы жағдайға байланысты барлық документтерім Жем пайлдалану депосына жіберілген.
    Жауап күні:
    13 желтоқсан, 2017 - 19:57
    Жауап:
    Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабына сәйкес негізінен қарау үшін, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның-«ЖТ – Ақтөбе бөлімшесі» - «Жем локомотив пайдалану депосы» филиалында машинист көмекшісі болып жұмыс жасаған Қ.Қ. Калининнің еңбек заңнамасының бұзылған дерегі туралы арызы жолданады. Арызды қарау нәтижесі және қабылданған шешім туралы шағым иесіне заңмен белгіленген уақытта хабарлауды сұраймын. Екінші мекен-жайға мәлімет үшін хабарланады және осы шешімімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес жоғарғы тұрған прокуратураға немесе сотқа шағымдануыңызға құқылы екендігі түсіндіріледі.

Беттер