Сұрақ-жауап

  • Сұрақ №: 4456
    Дата: 23.10.2013 17:23:40
    Аты-жөні: Жақиянов Талғат
    Сұрақ:
    Құрметті Ыбырай Әшімханұлы! Мен Астана қаласында қызмет атқарамын. Алайда іссапармен және жеке бас шаруамен Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласына жиі қатынаймын. Мені мазалаған сұрақ Өскемен қаласындағы Абай көшесінің бойындағы автовокзалдың жағдайымен байланысты. Автовокзал әкімшілігі жолаушылардың жүктерін автобусқа қабылдау кезінде, көлемі мен салмағына қарамастан, барлық жүктер үшін 1300 теңгеге жүк билетін алуға мәжбүрлейді. Сумкалардың көлемі шағын әрі жеңіл болса да, жаппай жүк билетін алғызады. төлемеген жолаушылардың жүктерін салонға да кіргізуге тыйым салған. Бұл қаншалықты заң талаптарына жауап береді? Ондай ереже республиканың басқа өңірлерінде бар ма? сондай-ақ автобус салондарындағы орындықтардың қатары да өте жақын орналасқан, отыруға ыңғайсыз, бір қатар орындық қосылғанға ұқсайды. Бұл жағдай қаншалықты стандартқа жауап береді? Ереженің антиәлеуметтік аспектісін ескере отырып, арнайы бақылауға алып, тексеру жүргізулеріңізді сұраймын. Жауабыңызды күтемін. Рахмет!
    Жауап күні:
    2014-01-20
    Жауап:
    Т.Ж. Жақияновқа Сіздің, арызыңызда крсетілген уәждер бойынша тексеру жұмыстары, Шығыс-Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша Павлодар қаласындағы «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы филиалының қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілді. Тексеру қортындысы бойынша, Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 8 мекен-жайында орналасқан «Өскемен автовокзалы» ЖШС-і өз қызметінде ҚР «Автомобиль көлігі туралы» Заңын, ҚР «Жолаушылар және жол жүгін тасымалдау» Ережесін және тағы басқа нормативті-құқықтік актілерін басшылыққа алатыны анықталды. Автовокзал аумағында Өскемен - Астана облысаралық тұрақты маршруты бойынша автобустың рейске шығуы алдында таңдаулы түрде бірнеше автобустар тексерілді. Тексерілген автокөліктік құралдар облысаралық тұрақты автомобиль тасымалында жолаушы және жол жүгін тасымалдау Ережесінің талаптарына сәйкес келеді, автобустардың салондарындағы жолаушы орындықтары автобустың техникалық паспортындағы көрсетілген мәліметтерге сәйкес келеді, жолаушы орындықтарына монтаж және демонтаж жасалмаған және де жол жүктеріне арналған арнайы бөлімдері бар. Автобустар көрсетілген мерзімде міндетті техникалық байқаудан өткізілген және техникалық жарамды күйде. Жол жүгін сақтау бөліміндегі барлық заттарға белгіленген тарифтер бойынша төлем алынады. Автобус салонына алынған қол жүгіне жолаушы және жол жүгін тасымалдау Ережесінің талаптарына сәйкес қосымша ақы алынбайды. Автобус салонында жолаушыларға ұзындығы 60х40х20 см., салмағы 35 кг. аспайтын қол жүгін, сондай-ақ, тордағы ұсақ жануарлар мен құстарды алып жүруге рұқсат берілген. Аталған өлшемдер асып кеткен жағдайда, жолаушы жеке заттарын жол жүгіне арналған бөліміне тапсырады, сондай-ақ, қалауы бойынша қол жүкті де тапсыра алады. Тасымалдауға қабылданған барлық жүктерге түбіртек беріледі, сонымен қоса, ҚР заңнамаларына сәйкес, тасымалдаушы жол жүгі жоғалған, жетіспеген және зақымдалған кезде өз жауапкершілігіне алады. Осы тұрғыда, «Өскемен автовокзалы» ЖШС-нің қызметінде Сіздің арызыңызда көрсетілген уәждер бойынша ҚР автомобиль көлігінде жолаушы және жол жүктерді тасымалдау Ережесінің бұзылу фактілері расталмады. Аталған жауаппен келіспеген жағдайда Сіз, жоғарғы тұрған прокурорға немесе сотқа шағымдануыңызға болады. Бас көлік прокуроры аға әділет кеңесшісі Ы. Тілеуғалеев
  • Сұрақ №: 4224
    Дата: 07.10.2013 19:13:32
    Аты-жөні: Қайрадин Нұрсұлтан
    Сұрақ:
    Құрметті Бас көлік прокуратурасы Ы.Ә.Тілеуғалиев мырза көлік прокуратурасы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен тенестірілген прокуратура жүйесіне кірема?
    Жауап күні:
    2014-01-20
    Жауап:
    Н.Е. Қайрадинге Сіздің Бас көлік прокуратурасы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына теңестірілген прокуратура жүйесіне кіре ме деген өтінішіңіз қаралды. «Бас көлік прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 1 бөлімі 4 тармағына сәйкес Бас көлік прокуратурасы прокуратура органдарының біріңғай жүйесіне кіреді, мамандандырылған прокуратура болып табылады және оның мәртебесі облыстық прокуратураға теңестірілген, бағынысты аудандық көлік прокуратуралары болатындығын хабарлайды. Бас көлік прокуратурасы

Беттер