1 млрд 700 млн теңгені құрайтын контрабандалық тауарлар мемлекет пайдасына тәркіленді

06 ақпан 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Сотқа дейінгі тергеу органдарының негізгі міндеттерінің бірі қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген зиянды өтеу шараларын қабылдау болып табылады.

Бұл үшін көлік прокурорлары қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау барысында ұрланған заттар мен қаражатты, сондай-ақ күдіктінің мүлкін, қылмыстық құқық бұзушылық жасау қаруы және құралдарын анықтауды қамтамасыз етеді.​ 

Осы жұмыстың нәтижесінде 2019 жылы жәбірленушілерге 1 млрд. теңгеден астам залал өтелген, оның 800 млн. теңгесі мемлекет мүддесіне қайтарылды, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге көп.

Сондай-ақ, мемлекет пайдасына 1 млрд 700 млн теңгені құрайтын контрабандалық тауарлар берілді.

Мысалы, 2019 жылы Бас көлік прокуратурасының арнайы прокурорлары сотқа 11 тұлғаға қатысты қылмыстық істі жолдады, олар кеден қызметкерлерінің қамқорлығында болып, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында Біріккен Араб Әмірліктерінен аса ірі мөлшерде «темекі  және шиналар» контрабандасымен айналысқан.

Аталған қылмыстық іс бойынша 31.12.2019 жылы Маңғыстау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының айыптау үкімі шықты. 1 млрд 400 млн теңгені құрайтын контрабандалық тауар мемлекет пайдасына тәркіленген.

Айта кету керек, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап «Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы» Заң нормалары қолданысқа енгізілді. Бұл соттарға жазасын алғандардан мәжбүрлі төлемдерді осы Қордың пайдасына өндіріп алу құқығын берді.

Бүгінгі күні, көліктегі істер бойынша сотпен 18,3 млн. теңгеден астам төлем өндіріп алынды, оның 11,3 млн теңгесі ерікті түрде, 3,6 млн теңгесі мәжбүрлі түрде, қалған 3 млн теңгесі орындалуда.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қордан ақшалай қаражат біржолғы қаржылық өтемақы түрінде жәбірленушілерге берілетін болады. Төлем  мөлшері 30-дан 50-ге дейінгі АЕК құрады.​ 

Өтемақы адам саудасының немесе азаптаудың құрбандарына, кәмелетке толмаған жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарына, денсаулыққа ауыр зиян келтірілген адамдарға (оның ішінде ЖҚТБ вирусын жұқтырғандар), жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, заңды өкілдеріне (тізімде Қылмыстық кодекстің 46-бабы бойынша 124 қылмыс құрамы көзделген) төленетін болады.

Бас көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу