11 млн теңгеден асатын прокурордың талабы қанағаттандырылды

15 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Маңғыстау көлік прокуратурасының талап арызы бойынша құны 11 млн. теңгеден асатын зергерлік бұйымдар мемлекет пайдасына өндірілді.

800 бірліктен асатын алтын және күміс қорытпасынан жасалған зергерлік бұйымдар экономикалық контрабанданы ұйымдастыру қылмыстық ісі бойынша контрабандалық заттар болып танылған.

Атап айтқанда, өткен жылдың қазан айында Маңғыстау облысы бойынша мемлекекеттік кірістер Департаментінің қызметкерлерімен қымбат әшекейлерді кедендік бақылаудан жасыру және декларациядан жалтару жолымен шекарадан өткізген Әзірбайжан азаматы Е. Абдуллаев ұсталған.

Шетелдіктің заңсыз іс-әрекеті салдарынан кедендік төлемдер мен салықтардың құнын төлемеу түрінде мемлекетке 2,8 млн. теңге көлемінде залал келтірілген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, қылмыстық іс ақталмайтын негізбен қысқартылды.

Декларацияланбаған бұйымдардың тағдырын шешу мақсатында прокуратура талап арызбен сотқа жүгініп, оның шешімімен контрабандалық заттар мемлекет пайдасына өндірілді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу