2 мыңға жуық шымкенттік теміржолшылардың еңбек құқығы қорғалды

26 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шымкент көлік прокуратурасымен темір жол мекемеcі жұмысшыларының еңбек құқықтарының бұзылғандығы анықталды.

Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы»          АҚ-ның «Шымкент магистральдік желі бөлімшесі» филиалының жұмысшылары Еңбек кодексінің және ұжымдық шарттың талаптарына қайшы арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен толықтай қамтамасыз етілмеген.

Мысалға, осы жылы жұмысшылар жаздық арнайы киімдермен толық қамтамасыз етілмеген, 38% ғана берілген, ал жеке қорғау құралдарымен олардың тек 4% қамтылған.

Прокурорлық қадағалу шараларымен 2 106 жұмысшыға арнайы киім, аяқ киім, жеке қорғану құралдары, жуғыш пен дезинфекциялаушы құралдары толығымен берілді.

Жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Көлік инфрақұрылымы мекемелерінде азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы әрдайым прокуратураның қатаң бақылауында.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу