2 мыңнан астам теміржолшылар жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілді

06 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокурорлық ден қою шараларымен Алматы облысының 2 мыңнан астам теміржолшыларына арнайы киім, аяқкиім және жеке қорғаныш құралдары берілді.

Жетісу көлік прокуратурасымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Алматы магистральдік желі бөлімшесі» филиалының тарапынан жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылуы анықталды.

Теміржолшыларға тиесілі 282 былғары етік, 40 резина етік мүлдем берілмегендігі, ал басқа жеке қорғаныш құралдарымен ішінара қамтамасыз етілгендігі анықталды.

Мысалы, жұмысшылардың тек 15 % ғана диэлектрикалық аяқ киім, қорғау қолғабы - 60 % және қорғау көзілдірігі - 62 % ғана берілген.

Қадағалау актісі бойынша заңбұзушылықтар жойылып, мекеменің жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу