300-ден астам теміржолшы жеке қорғаныc құралдарымен қамтамасыз етілді

23 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Талдықорған көлік прокуратурасы темір магистральдардағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары қызметкерлерінің еңбек құқықтарының бұзылуын анықтады.

Еңбек кодексінің талаптарын бұза отырып ағымдағы жылдың басынан бері Матай пайдалану локомотив депосының 205 және Үштөбе электрмен жабдықтау дистанциясының 118 жұмысшылары жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмеген.

Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша теміржол саласының аталған жұмысшыларына сигналды кеудешелер, жылы етіктер, бас киімдер, су өткізбейтін жамылғы киімдер және т.б. берілді.

Еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін кәсіпорындардың екі лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу