47 млн. теңгеден астам қарыз өтелді

27 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан көлік прокуратурасы 47 млн. астам теңге төлеміне  қол жеткізді.

Бұл сома көлік мекемелері және оларға медициналық қызмет көрсететін ұйымдардың жалақысы мен өзге де тиесілі төлемдерге бағытталуы керек болатын.

Алайда Еңбек кодексінің талаптарын бұзып «Защита теміржол ауруханасы» ЖШС 357 жұмысшысына 2 ай бойы, «Өскемен қаласының трамвай паркі» ЖШС 190 қызметкеріне 3 ай жалақы төлемеген.

Ұжымдық шарттың талаптарына қайшы «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ҰК» АҚ-ның «Шығыс Қазақстан жүк тасымалдау бөлімшесі» филиалының 509 және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Семей магистральдық желі бөлімшесі» филиалының 395 жұмысшысына 2016-2017 жылдары Цельсий градусы                   -25-тен төмен және +35-тен жоғары ауа температурасында істеген жұмыс үшін қосымша ақы бермеген.

Прокурорлық қадағалау шараларымен медициналық мекеме жұмысшыларының 21,5 млн.теңге, трамвай паркі жұмысшыларының    21,7 млн. теңге көлеміндегі еңбекақылары бойынша қарыз толығымен өтелді.

Теміржол саласы кәсіпорындарының қызметкерлеріне 4,6 млн. теңге көлемінде қаражат төленді.

Жалақы төлеу мерзімін бұзғаны үшін заңды тұлғаларға 240 500 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу