«Абай оқулары» конкурсы өткізілді

04 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
 «Абай оқулары» конкурсы өткізілді - 931786214

Бүгін Бас көлік прокуратурасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына дайындық аясында көлік прокуратурасының жас мамандары арасында «Абай оқулары» конкурсы болып өтті.  

Ұлы ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттау және көлік прокуратурасы органдарында мемлекеттік тілдің деңгейін көтеру мақсатында конкурсқа көлік прокуратурасы органдарының 8 аймағынан қызметкерлер қатысты.

Жас прокурорлар  ойшылдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айтып, өздерінің жоғары шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Конкурс нәтижесі бойынша 1-орынды Қандыағаш көлік прокуратурасының прокуроры Мейрамбек Койлыбаев, 2-орынды Бас көлік прокуратурасының аға прокуроры Мейржан Қалиасқаров, 3-орынды Жетісу көлік прокуратурасының прокуроры Дінмұхаммед Кемел иеленді.

Жеңімпаздар грамоталармен және естелік сыйлықтармен, ал қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Бас көлік прокуратурасы

 «Абай оқулары» конкурсы өткізілді - 1017773235
 «Абай оқулары» конкурсы өткізілді - 405812387
 «Абай оқулары» конкурсы өткізілді - 2110601519
 «Абай оқулары» конкурсы өткізілді - 1816264022

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу