Ақмола көлік прокуратурасымен жүргізілген еңбек ұжымымен кездесуі туралы

27 маусым 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола көлік прокуратурасымен ағымдағы жылдың 2 маусымында Есіл қаласында еңбек заңнамасының қолданылуы мәселесі бойынша «Есіл-Локомотив» ЖШС-нің ұжымымен кездесу өткізілді.

Аталған іс-шараға Есіл ауданы әкімі аппаратының, еңбек инспекциясының, «Нұр-Отан» ХДП, аудандық кәсіпкерлік палатасының өкілдері және «Есіл-Локомотив» ЖШС-нің 32 жұмыскерлері қатысты.

Кездесу барысында еңбек ұжымы өз ойларын айтып, жалақыны уақытылы төлеу мәселелері және оны шешу жолдары талқыланды. 

Жүргізілген іс-шара нәтижесінде, прокуратураның ұсынысы бойынша «Есіл-Локомотив» ЖШС-нің 36 жұмыскерлернің 3,9 млн.теңге көлемінде жалақы бойынша қарыздары төленді.

 

Ақмола көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу