Ақтөбе көлік прокурорлары 94 млн. астам кедендік төлемдерді өндірді

14 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе көлік прокуратурасы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ 94 млн. теңгеден астам кедендік төлемдерді өндірді.

Бұл сома мұнайшыларға экспортталған «қара алтынның» кедендік бағасын төмендеткені үшін қосымша есептелді.

Мекемемен 2013-2018 жылдар аралығында Кеден одағының аумағынан құны 232,5 млрд. теңгені құрайтын 2,8 млн. тонна мұнай шығарылғандығы анықталды.

Алайда, заңнама талабын бұза отырып, сатып алушымен 35 млрд. теңге көлеміндегі өтелген тасымалдау шығыны тауардың кедендік бағасына қосылмаған және төленуге тиісті алымдарды есептеу кезінде ескерілмеген.

Нәтижесінде экспортталған мұнай құнының дұрыс анықталмауы салдарынан мемлекет қазынасына 72 млн. теңгеден астам төлем түспей қалған.

Прокуратураның актісімен 72 млн. теңге көлемінде төленбеген алымдар мен 22 млн. теңге өсімпұлды мекеме өз еркімен мемлекеттің кірісіне аударды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу