Алматы қ. әуе көлік прокуратурасы мемлекеттік бюджетті 220 млн. теңгеге толықтыруға қол жеткізді

18 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласының Әуе көлік прокуратурасымен жүргізілген мониторинг барысында өздерінің кірісін төмендеткен 32 көлік кәсіпорны  (сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар) анықталды.

Жоғарыда аталған ұйымдар салық заңнамасын бұза отырып, қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табыстың төмендетілген сомаларымен салық есептілігін өткізген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабына сәйкес заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы мен міндеті болып табылады.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қадағалау ведомствосына енгізілген актісі негізінде кәсіпкерлердің атына бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберді.

Қазіргі уақытта салық төлеушілер жалпы сомасы 264,7 млн.теңгеге қосымша салық есептілігін ұсынған, оның ішінде мемлекет пайдасына 220 млн. теңгеден астам қаржы өндірілді.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Алматы қаласының Әуе көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу