«Алматы-Маңғыстау» пойызындағы кәмелетке толмаған баланың күйік алу оқиғасы бойынша

12 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында А.Р.Ташмұхамедова әлеуметтік желіліер арқылы «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы пойызда болған оқиға жайлы хабарлады.

2019 жылы 3 маусымда А.Р.Ташмұхамедова кәмелетке толмаған балаларымен №377-378 «Алматы-Маңғыстау» бағытындағы пойызымен жол жүрген. «Бейнеу» станциясына жетпей, пойыздың күрт қозғалу себебінен стақандағы ыстық су балаға аударылып, денесінің түрлі бөліктерінің күйіп қалуына әкелді.

Оның, вокзал мен пойыз қызметкерлері тарапынан қажетті көмектің көрсетпегені жайлы құзыретті органдарға жазған арызы назарсыз қалып, Бас көлік прокуратурасына жүгінгеннен кейін ғана 14.11.2019 ж. ҚР ҚК 344 бабы 1 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары зерделеніп, полицияға істің барлық мән-жайларын жан-жақты және объективті тексеру үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша нұсқаулар берілді.

Қылмыстық істің тергеу барысы бақылауда.

Бас көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу