Арнайы білімсіз сабақ берген

30 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Ақмола көлік прокуратурасы Астана көлік және коммуникация колледжінде білім туралы заңнаманың бұзылғанын анықтады.

         Тексеру барысында мұғалімдердің педагогикалық қызметті негізсіз жүзеге асырғаны және жалақыға қосымша ақы алғаны анықталды.

         Атап айтқанда сабақ беруге қолында рұқсат ететін құжаты жоқ тұлғалар жіберілген. Олардың қатарында аталған колледждің екі түлегі бар. Екеуінде де жоғары білім жоқ болып шықты.

         Соңғы үш жыл бойына оқу орнының директоры мен оның төрт орынбасарына қызметтерді қоса атқарғаны үшін негізсіз қосымша ақы төленіп келген.

         Басқа мекемеде жұмыс істейтін мемлекеттік сатып алу жөніндегі  маман 2017 жылдың желтоқсанынан бастап 2018 жылдың мамырына дейін негізсіз жалақы алған.

         Сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысын алу мақсатында жұмысқа орналасқан түлектердің үлесін жасанды түрде арттыруға жол берілген.

         Прокурорлық қадағалау шараларымен тиісті білімі жоқ тұлғалар педагогикалық қызметтен шеттетілді, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман жұмыстан босатылды.

1,6 млн. теңге көлемінде негізсіз төленген қаражат мемлекетке қайтарылды, соның ішінде қосымша ақы ретінде 1,3 млн. теңге, жалақы 279 800 теңге.

         Білім туралы заңнаманы бұзғаны үшін Колледждің екі лаузымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу