Атырау облысының теміржолшылары жалған диплом пайдаланған

29 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Атырау көлік прокуратурасы теміржол көлігі жұмысшыларымен  жалған диплом пайдаланудың 18 фактісін анықтады.

Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация Академиясын бітіргені туралы құжаттар «теміржолшылармен» жұмысқа орналасу және қызметтен ауысу кезінде қолданылған.

Олардың арасында тасымалдау процесін ұйымдастыруға және теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты бөлім басшылары да бар.

Кейбіреулері теміржол локомотивін басқарған, желіні жөндеген, күрделі жөндеуден өткен жылжымалы құрамдарды қабылдап отырған.

Жалған диплом пайдаланған тұлғалардың қызметтері төмендетіліп, өзге жұмыстарға ауыстырылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу