Автомобиль көлігімен заңсыз тасымалдауға қарсы атқарылған жұмысы туралы

05 қыркүйек 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Оңтүстік Қазақстан облысында көлік прокуратурасының бастамасымен автокөлікпен жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдаушылармен күресу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Осы жұмыстың аясында 4 қыркүйегінде Шымкент көлік прокуратурасында уәкілетті органдар мен бизнес субъектілері өкілдерінің қатысуымен дөнгелек үстел өткізілді.

Жиналыстың қортындысымен халық арасында сұранысқа ие бағыттар бойынша рейстерді көбейту, автобустарға бірыңғай үлгідегі логотиптерді орналастыру, «Заңсыз тасымалға жол жоқ» акцияларын өткізу  және заңсыз автобус тұрақтарын жою туралы шешім қабылданды.

Аталған шаралар аймақтық тасымалдаушылардың Ассоциациясымен бірлесе іске асырылатын болады.

 

Шымкент көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу