Автотасымалдаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша шаралар

06 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Павлодар көлік прокуратурасының жүргізген әкімшілік тәжірибені талдау нәтижесі көрсеткендей, көліктік бақылау инспекциясы және жергілікті полиция қызметі күн сайын 5-тен 10-ға дейін тасымалдаушыны 700 мың теңгеден астам сомаға (арнайы рұқсат құжаттарының болмауы, көлік құралдарын заңсыз техникалық қайта жарақтандыру) әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Жүргізушілердің өз құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын тасымалдау үшін рұқсат алу тәртібін білмеуі бірден-бір себебіне айналды.

Қалыптасқан жағдайды түзету үшін прокуратура инспекция мен полиция қызметкерлерінің, сондай-ақ автотасымалдаушылардың қатысуымен жиналыс өткізіп, онда уәкілетті органдардың қызметкерлері арнайы рұқсат құжаттарын алу тәртібін түсіндірді.

Аталған шара қажетті нәтиже берді және бүгінгі күні 100-ден астам тасымалдаушылардың өтініштері бойынша 172 рұқсат құжаты, сонымен қатар автокөлікті техникалық қайта жабдықтауға берілді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу