БАҚ үшін ақпарат

08 қыркүйек 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Темір жолдағы адамдардың жарақаттану фактілерінің көбеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуратурасымен көлікте Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізуі жоспарланған. Онда бүкіл мүдделі органдар және ұйымдармен темір жолда адамдардың қауіпсіздігі жөніндегі мәселелер талқыланатын болады.

Отырысы 2017 жылдың 13 қыркүйекте сағат 15:00-де Астана қаласы, Мәңгілік ел, 14, Бас прокуратураның ғимараты, 2 қабат, Мәжіліс залы мекен-жайы бойынша өткізіледі.

Қатысушылардың және БАҚ өкілдерінің тіркелуі 13 қыркүйекте сағат 14:30-да басталады.

БАҚ аккредитациясын 30-17-06 немесе 8 707 700 12 09 байланыс телефондары арқылы 2017 жылдың 12 қыркүйек сағат 11:00 – ге дейін өту керек.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу