Бас көлік прокуратурасы шағын авиацияда көптеген бұзушылықтар анықтады

26 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас көлік прокуратурасы  шағын авиацияда көптеген бұзушылықтар анықтады - 1685247891

Бас көлік прокуратурасы шағын авиация субъектілеріне тексеру жүргізді.

Азаматтық авиация комитетінің қызметкерлері мен тәуелсіз мамандар (авиаторлар) тартылған тексеру нәтижесінде, көптеген бұзушылықтар, оның ішінде ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, Алматы және Қостанай облыстарының аумағында «АН-2» әуе кемелерін пайдаланатын авиакомпаниялар олардың планеріне, қозғалтқышына және әуе бұрандаларына техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстардың жоспарлы түрлерін жүргізбеген. Оған қоса авиатехниканы жөндеуге жұмсалатын қаржыны үнемдеу мақсатында ұшу сағаттары төмендетілген.

Қарағанды облысында оқу-жаттығу ұшуына арналған «FK14 Polaris» әуе кемелері типтік емес әуе бұрандаларымен пайдаланылған.

Алматы әуекомпаниясы түпнұсқасы расталмаған әуе кемелерінің агрегаттары мен жиынтықтаушы бұйымдарын пайдаланған.

Қостанай облысының әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді уәкілетті мемлекеттік органның тиісті рұқсаты жоқ мамандар жүргізген.

Сонымен қатар, Алматы облысындағы әуекомпанияның ұшқыштары міндетті ұшар алдындағы медициналық тексеруден өткізілмеген. Қостанай облысында болса, белгіленген жұмыс және ұшу уақытының нормасынан артық ұшуларды орындаған.

Сертификаттау рәсімінен өту кезінде әуе кемелерінің планеріне (1 бірлік), қозғалтқышына (2 бірлік) және винтіне (50 бірлік) күрделі жөндеу жүргізу туралы жалған құжаттарды пайдаланушылардың 53 фактісі анықталды.

Бұл тұрғыда Бас көлік прокуратурасы Инвестициялар және даму министрлігіне заңбұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді.

Жалған құжаттарды пайдалану туралы материалдар сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін көліктегі ішкі істер органдарына жолданды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу