Бас көлік прокуроры ұжымды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады.

30 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Бас көлік прокуратурасында салтанатты отырыс өтті.

Іс-шараны аша отырып, Бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсенов Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің қалыптасуы мен дамуындағы көрнекті тарихи еңбектеріне назар аударды.

Президенттің халық алдындағы жеке жауапкершілігінің факторы туындаған қиындықтарды еңсеруге, елдің экономикалық дамуының дәйекті стратегиясын таңдауға және күрделі реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Президенттің бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «2050 Стратегиясы», «Нұрлы жол» Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламалық құжаттары отанымыздың одан әрі сәтті дамуының кепілі болады, деп атап өтті Бас көлік прокуроры.

Мереке құрметіне орай, мінсіз қызметі және міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бірқатар прокурорларға алғыс жарияланды.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы бейнероликті көрумен аяқталды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу