Бір мыңға жуық теміржолшының құқықтары қорғалды

17 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

         Ақмола көлік прокуратурасы «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдарының магистральді теміржол желісінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жұмысшылардың еңбек құқықтарының бұзылғандығын анықтады.

         Еңбек кодексінің талаптарын бұза отырып осы жылдың басынан бастап Есіл жол дистанциясының 568, Арқалық 318 және Есіл қалпына келтіру пойызының 77 жұмысшысы жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілмеген.

         Прокурорлық қадағалау нәтижесінде жол саласының барлық жұмысшыларына (963) жылы, дәнекерлеу костюмі, аяқ киім, қолғап, биялай, көзілдірік және басқа да жеке қорғану құралдары берілді.

         Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін мекеменің 3 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу