Еңбек құқықтарын қорғау жөнінде

18 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың басынан көлік прокуратурасы органдары көлік саласындағы кәсіпорындардың 36 мыңнан астам қызметкерлерінің құқықтарын қорғап, қалпына келтірді.

Жұмыс берушілер қолайсыз атмосфералық жағдайлар кезінде ашық ауада жұмыс істегені үшін өтемақы төлемеу, демалыс және мереке күндері жұмыс істеген уақыттарын толық төлемеу бөлігінде, еңбек заңнамасының бұзушылықтарына жол берген.

Жұмыс берушілердің кінәсінен темір жол саласының қызметкерлері өз міндеттерін арнайы киімсіз және арнайы жеке қорғаныс құралдарынсыз орындаған. 

Мысалы, Жамбыл аймағы бойынша "ҚТЖ Жүк тасымалы" АҚның "ЖТ Жамбыл бөлімшесі" филиалы теміржол жұмысшыларының қауіпсіздік, гигиена және т.б. талаптарға сәйкес болатын еңбек жағдайына деген конституциялық құқықтарын бұзған.

Жұмыс берушілер қызметкерлерді Еңбек кодексінде және ұжымдық шартта көзделген арнайы жеке қорғану құралдарымен, киіммен және аяқ киіммен уақытылы қамтамасыз етпеген.

Жамбыл көлік прокуратурасының актісі бойынша облыстық еңбек Инспекциясы жұмыс берушіні ӘҚБтК-нің 97-бабы 3-бөлігі бойынша 505 мың теңге көлемінде айыппұл салып, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Қадағалау органының шараларымен 3000-нан астам жұмысшы арнайы киіммен, аяқ киіммен, жуу, дезинфекциялау және басқа да жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілді.

Нұр-сұлтан қаласының Әуе көлік прокуратурасы астаналық әуежайдың 600 қызметкеріне 3 млн.теңгеден астам жалақы төлеуге қол жеткізді.

Қадағалау шараларымен көлік саласындағы қызметкерлерге барлығы 140 млн.теңгеден астам жалақы төленді.

Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін 44 адам әкімшілік және 47 - тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бас көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу