Есірткі тарататын Интернет-ресурстар бұғатталған

09 тамыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Есірткі тұтынуды насихаттаған және оларды сатуды жүзеге асырған 56 сайт және әлеуметтік желілерде, танымал Telegram мессенджерінде аккаунт-боттар, парақшалар  анықталды.

Көрсетілген сайттарға, әлеуметтік желілердегі парақтарға және аккаунттарға кіру пайдаланушылар үшін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында еркін болған. Ел аумағында есірткі құралдары мен прекурсорларды Қазақстанның ірі қалаларына жеткізіп отырған сондай-ақ 4 шетелдік сайт жұмыс істеп келген.

Бұл сайттардың кәмелетке толмағандар арасында танымал және оларға қол жетімді екені алаңдатады.

Нәтижесінде, көлік прокуратура бастамасымен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат Комитеті барлық 56 сайт пен аккаунт-боттардың қызметін заңсыз деп танып, оларға қол жеткізу бұғатталды.

 

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу