Қадағалау шараларымен астаналық әуежайдың жұмысшыларына еңбекақысының тиісті бөлігі төленді

14 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы астаналық әуежайдың жұмысшыларына 3 млн. теңгеден астам еңбекақысының тиісті бөлігін төлетті.

Прокуратурамен «Халықаралық Астана әуежайы» АҚ-мен жыл басынан бастап жұмысшылардың демалыс күндері үшін еңбекақысын жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізінде бір жарым есе төлегендігі анықталды.

Бұл Акционерлік қоғамның Еңбек ақы төлеу ережесіне қайшы келген, ол бойынша демалыс күндерінде жұмысы үшін екі есе көлемде тариф қарастырылған.

Қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша 600 астам жұмысшыға 3 млн. теңгеден астам көлемде еңбекақысы бойынша қарыздары төленді.

Еңбекке ақы төлеу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін заңды тұлға әкімшілік, екі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу