Қандыағаш көлік прокуратурасында мерекелік шаралар өткізілді

10 желтоқсан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

20 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 1999 жылғы 1 қарашадағы №263/6 бұйрығымен Қандыағаш көлік прокуратурасы құрылды.

Жаңа қадағалау мекемесінің пайда болуына осы аймақтың стратегиялық маңыздылығы түрткі болды. Мұнда Қандыағаш станциясының 4 бағытында жұмыс істейтін негізгі, класстан тыс, сұрыптамалық тасымалдау процесі іске асырылады, сонымен қатар, бұл жерде басқа да маңызды көлік объектілері орналасқан.

20 жылдық қызмет барысында прокуратураны 10 прокурор басқарған (Б.Ж.Шаукебаев, Ә.Т.Тәжіханов, А.А.Әлеуханов, Б.Қ.Блиев, Т.А.Абдуллин, Б.Ш.Қалықов, Н.К.Катуов, К.В.Вязун, Б.Ә.Кендірбаев). Қазіргі таңда Отан Махмуд-Сұлтан Ілиясұлы жетекшілік етуде. Көрсетілген тұлғалардың әрқайсысы аймақтағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде өздерінің ауқымды үлестерін қосты.

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Қандыағаш көлік прокуратурасының 20-жылдығын мерекелеу құрметіне орай шағын футболдан және үстел теннисінен турнир ұйымдастырылып өткізілді. Турнирге Маңғыстау, Орал, Қызылорда және Ақтөбе көлік прокуратураларының, аймақтағы басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Жарыс қорытындылары бойынша жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен, мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Қандыағаш көлік прокуратурасы