Қарағанды көлік прокурасы 6 мыңға жуық азаматтың конституциялық құқығын қорғады

25 тамыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еңбек заңнамасының сақталуын талдау шеңберінде Қарағанды көлік прокуратурасы бақылауындағы көліктік кәсіпорындардың 6 мыңға жуық қызметкердің конституциялық құқықтарының бұзылу фактісі анықтады.

Қолданыстағы заңнаманың талаптарын бұза отырып, «Қазақстан темір жолы» ҰАҚ Қарағанды филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері темір жолдың қауіпті учаскелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тартылатын жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталмаған.

Атап айтқанда, соңғы 2 жыл ішінде локомотивтің және вагон депосының жұмысшылары мерзімінен тыс шыққан жеке қорғану құралдары арқылы жұмысын жүзеге асырып жүрген.

Прокурорлық шараларды қолдану арқасында жұмысшылар сигнал көкірекше, арнайы аяқ киім, төмен температураға қарсы қорғау үшін киетін костюм секілді арнайы жабдықтарға ие болды.

Филиалдың лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік жаза қолданылды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу