Қарағанды көлік прокурорлары 2 мыңнан астам теміржолшыға арнайы киім берілуіне қол жеткізді

20 ақпан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қарағанды көлік прокуратурасы  теміржол саласының 2016 жұмысшыларына қысқы арнайы киім берілуіне қол жеткізді.

«ҚТЖ» АҚ-ның  - «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалы еңбек заңнамасын бұза отырып, өз қызметкерлерін 2018-2019 ж.ж. қысқы маусымына арналған жылы костюмдермен, етіктермен, қолғаптармен және басқа да қысқы киіммен толық қамтамасыз етпеген.

ҚТЖ ұжымдық шартының талаптарына сәйкес теміржолшылардың қысқы киіммен жасақталуы жыл сайын 1 қазанға дейін жүзеге асырылуы тиіс.

        Прокурорлық қадағалау актісі бойынша барлық қызметкерлерге қысқы киім-кешектер берілді, мекеменің жауапты лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу