«Қауіпсіздік барлығынан жоғары»

17 қазан 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жамбыл көлік прокуратурасымен темір жол көлігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша заңдылықтың жай-күйіне жүргізілген талдау барысында жергілікті халық пен темір жол көлігінің қызметіне қауіп төндіретін заңбұзушылықтар анықталды.

Нәтижесінде, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ филиалының «Жамбыл бөлімшесі» қызмет ету мерзімі өткен вагондарды пайдалануға заңды тыйым салғанына қарамастан, 2 қызметтік вагон мен 11 электровоз қызметін пайдаланылғаны анықталды.

Сонымен қатар, қауіпті жүктермен (бензин, дизель отыны, аммиак, қышқыл және т.б.) жұмыс істейтін облыстың 3 кірме жолы өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы декларацияның болмауына қарасатан 2 жылдан астам уақыт бойы заңсыз пайдаланылған.

Прокурорлық ықпал ету шарасының нәтижесінде заң бұзушылылықтар жойылғанға дейін аталған вагондар, электровоздар және кірме жолдарды пайдалану уақытша тоқтатылды. Кірме жолдардың иелері ӘҚБтК 298-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды (жұмыстарды қауіпсіз жүргізу ережелерін бұзу).

Жамбыл көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу