«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметінің жекелеген мәселелері талқыланды

21 мамыр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас көлік прокуратурасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еңбек заңнамасын сақтау жәнекөліктегі қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері талқыланған кеңес өтті

Жұмысқа тиісті Министрліктердің көлік, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеттерінің басшылары, теміржол көлігі қызметкерлері кәсіподақтарының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында қосымша төлемдер, жалақы, тиісті еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, көліктегі қауіпсіздік, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын қалыпта ұстау саласындағы бар мәселелерге назар аударылды.

Былтыр прокуратураның араласуынан кейін ғана кәсіпорындардың             7 мың жұмыскеріне 30 млн. теңгеден астам қосымша төлемдер, сондай-ақ 138 млн. теңге жалақы төленгені атап өтілді.

Прокурорлық ден қою актілері бойынша биыл 73 млн. теңге жалақы төленді, АҚ-ның 5 мыңнан астам жұмыскері жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілдікөліктегі қауіпсіздікті арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізілудеСонымен қатарзаңнамаға уәкілетті орган ретінде Көлік комитетінің рөлін күшейту туралы түзетулер дайындалып, Мәжіліске жолданды.

Кеңес қорытындысы бойынша Бас прокуратура тарапынан бейінді комитеттерге кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек құқықтарын сақтаудағы тиісінше мемлекеттік бақылауды ретке келтіру ұсынылды. Бас көлік прокуратурасына өкілеттіктері шеңберінде теміржол саласы кәсіпорындарының қызметінде заңдылықты қамтамасыз ету, уәкілетті мемлекеттік органдардың жұмысына баға беру тапсырылды.

 

 

Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу