«Қазақстан темір жолы «Ұлттық компания» АҚ филиалында жалған дипломдармен 90-нан астам адам жұмыс істеген

27 мамыр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Көлік прокурорлары «Қазақстан темір жолы «Ұлттық компания» АҚ қызметін тексеру кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін 92 қызметкерді анықтады.

Ұлттық темір жол компаниясының қызметкерлері темір жол көлігі жүйесіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ерекше функциялар ескерілген жоғары білім туралы жалған құжаттарды (дипломдарды) жұмысқа қабылдау кезінде пайдаланған.

Әрбір факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді, нәтижесінде барлық 92 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, а.ж. 6 қаңтарында Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК 385-бабы 3-бөлігі бойынша көрінеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін «Е» азаматша (Павлодар жол дистанциясының 1-санатты инженер-технолог) сотталды, оған жауапкершілігі ретінде 20 (50500 тенге) АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды.

Бүгінгі күні 48 қызметкермен еңбек шарттары бұзылды, 18 төмен тұрған лауазымға ауыстырылды, қалған адамдар бойынша жұмыс жүргізілуде.

                           Бас көлік прокуратурасы