ҚазГЗУ студенттермен кездесу

12 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақмола көлік прокуратурасымен М.С. Нәркімбаев атындағы ҚазГЗУ заң факультетінің 4 курс студенттері үшін экскурсия ұйымдастырылды.

40 болашақ құқықтанушылар қадағалау органының қызметімен, оның негізгі функциялары мен міндеттерімен танысты.

Ақмола көлік прокуроры еліміздің құқық қорғау органдары жүйесіндегі прокуратураның рөлін, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту бойынша қабылданып жатқан шараларды айтып берді, прокуратура органдарындағы жеке жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Студенттерді процестерді цифрландыруға бағытталған прокуратура органдардың жобалары қызықтырды, сонымен қатар «Е-қылмыстық іс».

Кездесу соңында прокуратура басшысы студенттерге табысты оқуды және өзінің теориялық білімдерін жетелдіруді тіледі.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу