Көкшетау көлік прокуратурасының теміржол көлігіндегі жарақаттанудың алдын-алу жұмыс туралы

21 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Көкшетау көлік прокуратурасы (бұдан әрі-прокуратура) темір жол көлігіндегі азаматтармен жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесі бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.

Кеңеске Ақмола жол бөлімшесі мен магистральдық желі филиалдарының, желілік полиция, көліктік бақылау инспекциясы және әскерилендірілген темір жол күзеті басшылары қатысты.

Кеңес барысында, теміржол бойындағы азаматтардың жарақат алуына жол бермеу жұмыстарының жеткіліксіздігінен, адамдардың электр тоғымен зақымдануы, жылжымалы құраммен қағып кету деректерінің орын алып отырғаны айтылды.

Прокуратура тарапынан жарақаттану санын қысқарту бойынша нақты міндеттер қойылды, атап айтқанда Смирново станциясында жаяу жүргіншілер көпірін салу, Ақкөл станциясы паркінің қоршауын орнату, темір жол көлігінің қауіптілігі жоғары аймағында болу ережелерін сақтамаудың жағымсыз салдарын түсіндіру бойынша халық арасында алдын алу жұмыстарын жандандыру туралы айтылды.

Құқықтық тәрбиені орнату, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полиция бөліміне, белгіленбеген темір жол өткелдерінен өту фактілері бойынша азаматтарды жауапкершілікке тарту жұмысын жүргізу ұсынылды (айыппұл - 3 АЕК).

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Көкшетау көлік аймағы бойынша темір жол магистралінде адамдардың болуына байланысты жүк және жолаушылар поездарының шұғыл тежеуінің 22 фактісі тіркелді.

Жауапкершілік сезімін арттыру мақсатында Ақмола жол бөлімшесімен поездың шұғыл тежелуі қолданылған дерекетер бойынша материалдық шығынды өндіру үшін кінәлі азаматтарға сотқа талап арыздар беру туралы шешім қабылданды.

  Көкшетау көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу