Көлік прокурорлары 2,9 млрд. теңгенің мұнай өнімдері заңсыз сатылғанын анықтады

13 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Көлік прокурорлары 2,9 млрд. теңгенің мұнай өнімдері заңсыз сатылғанын анықтады - 948321029

 Атырау көлік прокуратурасы 1 жылдан астам уақыт бойы дизель отыны мен мазутты заңсыз сатумен айналысқан «ЮконСтройИнвест» ЖШС-гі директорының қызметін әшкереледі.

Прокуратура мұнай өнімдерін тасымалдауға қатысты мәліметтерін зерделеу барысында, 2017-2018 жылдары аталған серіктестіктің басшысы жанар-жағар май материалдарын, олардың шығарылған жерін растайтын құжатсыз өткізіп келгенін анықтады. 

Олар негізінен Қарағанды және Ақтөбе қалаларының аумағына автокөлікпен жеткізіліп, сонда сатылып келген.

Заңсыз қызметтен түскен табыс 2,9 млрд. астам теңгені құрады.

Істі тергеу барысында бірқатар нақты іс-шараларды жүргізу туралы прокуратураның нұсқауын орындау және басқа да тергеу амалдарын жүргізу нәтижесімен ұйым басшысының қылмыстық әрекеті дәлелденді.

Кінәлі Жылыой аудандық сотының 2019 жылғы 17 шілдедегі үкімімен 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотты болды.

Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы сотының 2019 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Бас көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу