Көлік прокурорлары а.ж. 9 айындағы жұмысын қорытындылады

05 қараша 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Көлік прокурорлары а.ж. 9 айындағы  жұмысын қорытындылады  - 761180915

Бас көлік прокуратурасының алқасында а.ж. 9 айындағы жұмыс қорытындысы шығарылды.

Ағымдағы жылы көлік прокурорларымен 2 мыңнан астам заңбұзушылықтар анықталғаны, 300 мыңнан астам азаматтың құқықтары қорғалғаны, әртүрлі жауапкершілікке 757 тұлға тартылғаны атап өтілді.

Ден қою шараларымен 1,1 млрд. теңге өндірілді, сонымен қатар 825 млн. теңге мемлекет пайдасына және 3 900 жұмысшының пайдасына 146,9 млн. теңге жалақы берешегі.

Көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 2 әуекомпанияның қызметі және 17 әуе кемесін пайдалану тоқтатылды. 139 заңсыз автотасымалдаушы анықталып, заңсыз жабдықталған 94 автобус маршруттарынан шеттетілді.

Қадағалау актілері бойынша 1600 км астам мұнай-газ құбырлары жөнделді және ауыстырылды, уәкілетті органдармен магистральдық құбырлардың күзет аймақтары мен аз қашықтықтарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Профилактика шараларымен көлік нысандарында қылмыстың 9,5% азаюына қол жеткізілді.

Астана әуежайындағы жүктерді ұрлау саны 50%, Алматы әуежайындағы 23% дейін азайды.

Цифрландыру бағдарламасы шеңберінде электрондық форматта 28 қылмыстық іс тергелді, оның ішінде 18 аяқталды, 3 - сотқа жіберілді.

Соттармен 970 адамға қатысты 828 қылмыстық іс қаралды.

Бас бостандығынан айыруға 63 адам сотталды. Қылмыстық айыппұл 219 адамға қатысты 224,7 млн.теңге сомасында қолданылды, оның 98%-ы немесе 220,8 млн. теңгесі ерікті түрде төленді.

Сондай-ақ алқада жекелеген прокурорлардың жұмысында жіберілген олқылықтар мен кемшіліктердің себептері қаралды, ұйымдастыру шаралары қабылданды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша Бас көлік прокуроры нақты міндеттерді белгіледі, оларға көлік прокурорлары алдағы кезеңде күш-жігерлерін шоғырландыратын болады.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу