Көлік прокурорлары монополистердің тарифтерін 2 еседен астам төмендетуге қол жеткізді

01 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас көлік прокуратурасымен Қызылорда облысында 200 астам кәсіпкерлердің мүдделерін қозғайтын кірме жолдар қызметтерінің тарифтерін негізсіз көтеру фактілері анықталды.

«Глобал Трейд Компани» және «Өркен Плюс» ЖШС кірме жолдарды «Көліктік сервис орталығы» АҚ сатып алып, вагондардың жол жүру ақысын екі еседен астам, яғни сәйкесінше 7-ден 20 мыңға және 8-ден 16 мың теңгеге дейін жоғарылатқаны анықталды.

Монополияға қарсы органда тарифтерді бекіту кезінде олар өз шығындары туралы көрінеу жалған және жоғарылатылған мәліметтер көрсеткен.

Так, ТОО «Глобал Трейд Компани» включены затраты на проведение ремонта путей в размере 16 млн. тенге, тогда как фактически требовалось лишь 20 тыс.тенге, а также расходы в размере 4 млн. на зарплату несуществующих работников.

Мәселен, «Глобал Трейд Компани» ЖШС жолдарды жөндеуге 16 млн. теңге мөлшерінде шығындар енгізілді, ал іс жүзінде тек 20 мың теңге талап етілді, сондай-ақ жұмыс істемейтін қызметкерлердің жалақысы ретінде 4 млн. теңге көрсетілген.

Осындай әдісті екінші ЖШС пайдаланды.

Прокурорлық қадағалау шараларымен тарифтерді бекіту туралы бұйрық жойылды. Вагондардың жол жүру құны бастапқы мөлшерге дейін төмендетілді. Тұтынушыларға келтірілген шығындарды өтеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Тиісті бақылауды қамтамасыз етпегені үшін монополияға қарсы органның лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, серіктестіктерге қатысты материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Көліктегі полиция департаментіне жолданды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу