Көлік прокурорлары монополистердің тарифтерін төмендетті

26 тамыз 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жетісу көлік прокуратурасы монополияға қарсы заңнаманың сақталуына талдау жүргізу кезінде монополистермен қызмет көрсету саласында тарифтерді заңсыз көтеру фактілерін анықтады.

Табиғи монополиялар субъектілері - «Гулден Сауда» және «ППЖТ-2» ЖШС-тері 2019 жылы жылжымалы құрамдардың жүруіне арналған кірме жолдарын пайдалануға беру тарифтерін негізсіз көтерген.

Мысалы, «ППЖТ-2» ЖШС-і кірме жолдарындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюына байланысты әр вагон/километрге тарифті 936,5 теңгеден 976,2 теңгеге дейін көтерген.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде тарифтер мөлшері заңға сәйкес төмендетілді. Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша қабылданған шаралар негізінде монополистердің қызметін пайдаланатын 93 кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Тұтынушылардың шығындары 6 млн.теңгеге үнемделді.

Бизнес құқығын қорғау қадағалау ведомствосының басымды бағыттарының бірі ретінде үнемі бақылауда.

Жетісу көлік прокуратурасы