

Орал көлік прокуратурасы есірткіні тарату және сату, интернет-казино арқылы құмар ойындарды жүзеге асырумен байланысты сайттарға еркін қолжетімділікті тоқтатты.
Жүргізілген мониторинг нәтижелерімен қадағалау органы есірткі мен психотроптық заттарды сатуды жүзеге асыратын 8 сайттың, сондай-ақ виртуалды ойындарды ұйымдастыру және өткізу бойынша 11 интернет-казиноның заңсыз әрекетін тоқтату туралы сотқа талап-арыз жолдады.
Аталған сайттарға Қазақстан Республикасының аумағында, одан тыс жерлерде де пайдаланушылардың қол жетімділігі еркін болған.
"Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңға сәйкес интернет - ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылады, осыған байланысты онда орналастырылатын ақпарат қолданыстағы заңнаманың нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Орал қаласы №2 сотының шешімімен прокуратураның талап арыздары қанағаттандырылды, барлық 19 интернет - сайттың қызметі заңсыз деп танылып тоқтатылды.
Бас көлік прокуратурасы
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу