Көлік прокурорлары жәбірленушілерге өтемақы алудың тәртібін түсіндіреді

19 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап соттарға мәжбүрлі төлемді өндіруге құқық беретін "Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы" Заңның нормалары қолданысқа енгізілді.

Бұл - жасалған әрекеттің ауырлығына қарай сот үкімімен сотталғандардан ақшалай өндіріп алу, сондай-ақ сот отырысында іс жүргізу міндеттерін орындамағаны және тәртіпті бұзғаны үшін жәбірленушіге, куәға, маманға, аудармашыға және өзге де адамдарға сотпен қолданылатын өндіріп алулар.

Сонымен қатар, Қор заңмен тыйым салынбаған өзге көздермен толықтырылуы мүмкін.

Көлік прокурорларының қатысуымен қазіргі уақытқа дейін қылмыстық істер бойынша Қорға 12 млн. теңгеге жуық қаражат өндірілді. Оның ішінде 9 млн. теңгені сотталғандар өз еркімен төлеген.

Прокурорлардың үйлестіруімен сот орындаушылар Қорды 2 млн. астам теңгеге толықтырды.

2020 жылдың 1 шілдесінен бастап Қордағы ақша бір жолғы қаржылық өтемақы түрінде берілетін болады. Төлем мөлшері 30-дан 50 АЕК аралығында құрайды.

Бұл ретте жәбірленушілер кінәліден шығынды өндіріп алу мүмкіндігінен айырылмайды.

Қордың мақсаты - қылмыстардың ашылмау немесе кінәлінің сот төрелігінен жасырынып жүру салдарынан келген зиянды өтеуге мүмкіндігі жоқ адамдарды қолдау.

Өтемақы адам саудасының немесе азаптаудың құрбандарына, жыныстық зорлық-зомбылық шеккен кәмелет жасқа толмағандарға, денсаулығына ауыр зиян келген адамдарға (оның ішінде ЖИТС вирусын жұқтырған), жәбірленуші қайтыс болғанда оның заңды өкілдеріне (барлығы тізбеде Қылмыстық кодекстің 46-ы бабы бойынша 124 қылмыс құрамы көзделген) төленетін болады.

Бұл құқықты олар жәбірленушілер деп танылғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде қарайтын қылмыстық қудалау органына өтініш беру арқылы пайдалана алады. Ескіру мерзімі 3 жылды құрайды.

Бас көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу