Көлік прокурорлары жеке қорғану құралдарын елден заңсыз шығарудың жолын кесті

23 сәуiр 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы қаласының Әуе көлік прокуратурасы жеке қорғану құралдарын шығару фактілерінің жолын кесті.

20.02.2020 жылы Қазақстан Республикасының азаматы Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар терминалы арқылы Түркия Республикасының Стамбул қаласына 12 мыңнан астам медициналық масканы шығаруға әрекеттенген.

Қадағалау органымен қабылданған шаралар нәтижесінде, кінәлі тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Құқықбұзушы кінәсін мойындап, айыппұлды толықтай төледі.

04.03.2020 жылы жеке компания салмағы 12 тоннадан астам жеке қорғаныс құралдарын (қорғаныш костюмдер, комбинезондар) ҚХР Гонконг қаласына шығаруға әрекет жасады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапаны бақылау комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес, аталған тауарларды шығаруға шектеу қойылған.

Көрсетілген фактіге қатысты көлік прокурорлары аса ірі көлемдегі экономикалық контрабанда бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі таңда, алынған жеке қорғану құралдарын мемлекет пайдасына өндіру шаралары қабылдануда.

 

Бас көлік прокуратурасы