Көлік прокурорларының шараларымен 198 млн. теңгеге контрабандалық тауар тәркіленді

23 қаңтар 2020 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жетісу көлік прокуратурасымен аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанданың жолы кесілді.

"D" ЖШС-гі декларацияға жалған мәліметтерді көрсету арқылы ҚХР-нан Қазақстан аумағына 198,8 млн. теңгеге, салмағы 156 тонна көлік құралдарының қосалқы бөлшектерін алып кірмекші болғаны анықталды.

Аталған факті көлік прокуратурасында тіркеліп, құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Алматы қаласының Экономикалық тергеу департаментіне жолданды, онда Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.

Ү.ж. 21 қаңтарында Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотымен "С" азаматына қатысты іс келісімдік іс жүргізуде қаралып, аталған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 500 АЕК  (3,7 млн.теңге) көлемінде қылмыстық айыппұл салынды.

Жалпы сомасы 198,8 млн. теңгеге контрабандалық тауар мемлекет пайдасына тәркіленді.

Жетісу көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу