Көліктегі Үйлестіру кеңесінің отырысы туралы

28 қараша 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көлік объектілерінде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы, жылжымалы құрамнан жүктерді ұрлаудың алдын алу мәселелері Бас көлік прокуратурасында өткен Үйлестіру кеңесінің отырысында қаралды.

Отырыс жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, индустрия және инфрақұрылымдық даму, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары, Қазақстандық мүгедектер конфедерациясының өкілдері және басқалар қатысты.

Бас көлік прокуроры Е.М.Сыбанқұлов мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру қажеттілігін атап өтті.

Жүргізілген талдау, әрбір үшінші теміржол вокзалы (407-нің 153-і) мүгедектер құқықтарының сақталуын қамтамасыз етпейтінін көрсетті. 

Ұшақ бортына отырғызатын амбулифт тек 4 әуежайда (Алматы, Нұрсұлтан, Ақтау және Қарағанды), ал арбадағы мүгедектерге арналған мобильді көтергіш 2 вокзалда ғана бар (Астана-1 және Бурабай - Курорты).

Жылжымалы құрамдағы жүктерді ұрлау – өзекті мәселе. Әрбір ашылмаған ұрлық тауар иесіне зиян келтіріп қоймай, қылмыстық элементтерде жазасыздық сезімін тудырады.

Көбіне ұрлық объектілері – тауарлық-материалдық құндылықтар, жанар-жағармай материалдары, ферроқорытпа, көмір және т.б. болып табылады. Бұл фактілердің басым бөлігі Достық, Павлодар, Қостанай, Талдықорған және Семей көлік аймақтарында тіркелген.

Қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұлғалардың жартысынан астамы темір жол және күзет кәсіпорындарының қызметкерлері болып табылатынын атап өткен жөн.

Отырыс қорытындысы бойынша кеңес мүшелері көлік объектілерін заңнама талаптарына сәйкес келтіру, сондай-ақ жылжымалы құрамдағы ұрлықтың алдын алу шараларын жандандыру жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірледі.

Бас көлік прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу