Қостанай көлік прокуратурасы 1 798 азаматтың еңбек құқықтарын қорғады

20 қыркүйек 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Қостанай көлік прокуратурасы 1 798 азаматтың еңбек құқықтарын қорғады   - 406072227

Қостанай көлік прокуратурасы өңірдің көлік мекемелері жұмысшыларының еңбек құқықтарын сақтауға байланысты талдау жүргізіп, көптеген заң бұзушылықтар анықтады.

Атап айтқанда, «AsmadinProject» ЖШС 289 жұмысшысына 36 млн. теңге, «Авиа Жайнар» және «Ақ Сұңқар» әуе компаниялары 100 жұмысшысына 9 млн. теңге көлемінде еңбекақы берешек болып шықты. Сондай-ақ «Авиа Жайнар» әуе компаниясы өз жұмысшыларын арнайы киіммен қамтамасыз ету бойынша заңнама талаптарын елемегені белгілі болды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қостанай магистральдік желі бөлімшесі» және «Қостанай пайдалану вагон депосы» филиалдары 1 348 жұмысшысына ауа температурасы -25 градустан төмен жағдайда еңбектенгені үшін үстемақы төлемеген.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 389 жұмысшыға 45 млн. теңге көлемінде жалақы берешегі өтелді, 1 348 жұмысшыға 4,9 млн. теңгеден астам қосымша ақы төленді, 61 жұмысшыға қысқы және жазғы костюмдер, етіктер, қолғаптар берілді.

Аталған бұзушылықтар үшін жұмыс берушілер ҚР ӘҚБтК 87 және 93 баптары бойынша (жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және мерзімде төлемеуі, қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етпеуі) әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 300 мың теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына жол бергені үшін 6 жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Қостанай көлік прокуратурасы

Қостанай көлік прокуратурасы 1 798 азаматтың еңбек құқықтарын қорғады   - 308271787
Қостанай көлік прокуратурасы 1 798 азаматтың еңбек құқықтарын қорғады   - 2009820395
Қостанай көлік прокуратурасы 1 798 азаматтың еңбек құқықтарын қорғады   - 401411219

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу