Қостанай көлік прокуратурасы бюджетті 53 млн. теңгеден астам сомаға толықтырды

11 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қостанай көлік прокуратурасы талдау барысында мемлекеттік кіріс органдарына өзінің тауар айналымы туралы мәліметтерді ұсынбаған, 53 млн. теңгеден астам салық төлеуден жалтарған 60 кәсіпкерді анықтады.

Осы ретте бизнес субъектілері темір жол көлігімен тасымалдау бойынша қызметтерді пайдалана отырып, салық салынатын тауарларды сатқан.

Мысалы, облыс кәсіпорындарының бірі салық декларациясында 263 млн. теңге сомасына астық өнімдерін сатқанын көрсетпеген. Нәтижесінде төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасы 21,9 млн. теңгені құрады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлер өздерінің салықтық міндеттемелерін толық көлемде орындады.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу